А.Лукин Куба Елшісімен кездесу өткізді

14 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана, 2017 жыл 14 желтоқсан. Бас прокуратураның ғимаратында Бас прокурордың орынбасары Лукин А.И. Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певидо Пупомен кездесті.

А. Лукин Елшіге прокуратура органдарының қызметі мен жетістіктері және олардың негізгі бағыттары туралы айтты.

Кездесудің басты тақырыбы  қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін шарттық базаны кеңейту болды.

Кездесудің соңында А. Лукин қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша конструктивті диалогқа ашық екенін атап өтті.

 

 

 

А.Лукин Куба Елшісімен кездесу өткізді - 1707430875
А.Лукин Куба Елшісімен кездесу өткізді - 1965878723
А.Лукин Куба Елшісімен кездесу өткізді - 1733262279

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу