Бас прокуратура заңдылықты сақтауға шақырады

12 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура заңсыз митингілерді, шерулерді  ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын.

Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушылық шақырулар таратуын жалғастыруда. 

Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде.

Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға қайта шақырады.

Осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауаптылық шараларын қолданатын болады.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу