Бас Прокурор Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

08 ақпан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті - 768838799

2018 жылғы 8 ақпан, Астана. Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше Елшісі Мохаммад Ахмад Әл-Жабер мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы бұрын қол қойылған келісімдер барынша тиімді жүзеге асырылуда.

Сотталғандарды беру туралы шартқа қол қою –  ҚР мен БАӘ арасындағы  қылмыстық-құқықтық салада  толыққанды халықаралық құжаттар пакетін қалыптастырады. Аталмыш құжат сотталған азаматтарға жазаларын өз отанында өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шетелдік әріптестермен терроризм және экстремизммен күресу, ұрланған активтерді қайтару және іздеуде жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау жөніндегі ынтымақтастық мәселелері  талқыланды.

Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша конструктивті диалог үшін ашықтығын және өзара іс-қимылды тереңдете түсуге дайын екенін атап өтті.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу