28 наурыз 2019
Версия для печати
PDF


Қорғаныс министрлігінің әскери тікұшағы апатқа ұшырау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу).
Қайғылы оқиғаның өзектілігіне орай, қылмыстық іс Бас әскері прокуратурасы арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды.
ҚР ІІМ-нің Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.
Тергеу барысы Бас Прокурордың бақылауына алынды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі