Беларусь делегациясы Қазақстанның Бас прокуратурасында болды

24 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Беларусь делегациясы Қазақстанның Бас прокуратурасында болды - 658885605

Бүгін Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің Төрағасы Иван Носкевичпен кездесу өткізді.

Қадағалау ведомствосының басшысы Қазақстан мен Беларусьті демократияны, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға өзара мүдделілікке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстырып отырғанын айтты.

Ол мұндай сапарлар екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретіндігін және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы ортақ күш-жігердің кепілі болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Иван Носкевич екі ел арасында қалыптасқан ведомствоаралық ынтымақтастыққа оң баға берді және оны одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді.

Кездесу барысында тараптар қылмыстық сот ісін жүргізу және қылмысқа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибелермен алмасты.

 

Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Беларусь делегациясы Қазақстанның Бас прокуратурасында болды - 1386136225

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу