Қ. Қожамжаров Академияда көшпелі жиналыс өткізді

15 қаңтар 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 15 қаңтар, Қосшы ауылы. Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен жиналыс өтті.

Жиналыста Академияның білім беру мен ғылыми іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, олардың тиімділігі, кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ алдағы кезеңдегі міндеттер талқыланды.

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстарға, оның ішінде Өңірлік Хаб аясындағы өзара әрекеттестікке ерекше назар аударылды.

Өңірлік Хаб – Академия базасында құрылған Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерін  қылмысқа қарсы  іс-қимылдардың заманауи әдістерін оқытуға арналған орталық. 

Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген білім берудің сапасын арттыру басымдығына тоқталып, Бас Прокурор ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларының бағыттарын құқық қорғау органдардың жұмыс тәжірибесінде қолдану  қажеттілігін атап өтті.

 «Академияның білім беру қызметі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылатуға, ал ғылым тәжірибеге,  оның ішінде заң шығарушылық қызметке септігін тигізуі керек», - деді Қ.Қожамжаров.

Жиналыстың қорытындысы бойынша бірқатар нақты нұсқаулар берілді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

8 (7172) 71 27 66

8 (7172) 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу