Қазақстан делегациясының Венаға сапары туралы

23 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан делегациясының Венаға сапары туралы - 1982049157

Ағымдағы жылғы 20-21 мамырда қазақстандық делегация Венадағы (Австрия) БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның 28-сессиясына қатысты.

80 мемлекеттің құқық қорғау ведомстволарының өкілдері мен БҰҰ сарапшылары зорлық-зомбылықтың кез келген түрі мен кемсітушіліктің алдын алу бойынша ізгілікті және әділ шаралар талқыланды.

Шарада баяндама жасаған Бас Прокурордың орынбасары   Марат Ахметжанов Қазақстанда жүргізіліп жатқан қылмыстық құқық саласындағы реформалар, соның ішінде заңнаманы ізгілендірудегі жетістіктерге тоқталды.

Ол осы бағытта қабылданған кешенді шаралар тек соңғы жылдың өзінде Қазақстанның Халықаралық түрме халқы саны рейтингін 12 позицияға жақсартуға (95-тен 83-ші) мүмкіндік бергенін атап өтті.

Сапар барысында қазақстан делегация шетелдік әріптестірмен кездесулер өткізді.

М. Ахметжанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Есірткі және қылмыс бойынша БҰҰ басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесу барысында Қазақстанның прокуратура органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық қорғау қызметі туралы, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық туралы мәселелер талқылады.

 Австрияның Конституция, реформа және әділет федералды министрлігінің хатшысы Кристиан Пильначекпен кездесу кезінде  М. Ахметжанов Сириядағы қарулы шиеленіс аумағынан Қазақстан азаматтарын көшіру бойынша тәжірибесі, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру ниеті атап өтілді.   

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу