Қ.Қожамжаров Бас көлік прокуратурасының жеке құрамының қатысуымен мәжіліс өткізді

12 ақпан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

12 ақпан 2018 жыл, Астана қаласы. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров бүгін Бас көлік прокуратурасында мәжіліс өткізді.

Мәжілісте жолаушылар және жүк тасымалының барлық көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қадағалау қазметін ұйымдастыру мәселелері қаралды.  

Бас прокурор авиация саласында әуе аппаттары бойынша қылмыстық істердің сапалы тергелуін қамтамасыз етіп, оларға ықпал ететін  себептер мен жағдайларды жоюды, сондай-ақ, техникалық талаптарға сай келмейтін әуе кемелерін пайдалану деректерін уақытылы анықтауды талап етті.

Бұндай нұсқаулар темір жол көлігінде заңдылықты қамтамасыз ету үшін де берілді. Прокурорларға кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының өкілеттерін асыра пайдалану, жылжымалы құрамның құлауы, жүктер мен багажды ұрлау фактілерін тергеу барысын қадағалауды күшейту қажеттілігі нұсқалды.     

Қ.Қожамжаров «НұрлыЖол» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымының, оның ішінде «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» автокөлік жолдарының, «Хоргос» құрғақ портының, әуежай мен вокзалдардың құрылыстарына бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Республика ішіндегі және халықаралық бағыттарда техникалық ақауы бар автобустарды пайдалануы фактілері орын алып отырғандықтан,  Өзбекстанның 52 азаматының қайтыс болуына әкеп соққан Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиғадан кейін ұйымдастырылған тексеру шараларының сапасына назар аударды.

Сондай-ақ, еңбек ұжымдарында даулы жағдайлардың алдын алу, магистралды құбырлардың қауіпсіздік аймақтарында тұратын азаматтардың құқықтарының  сақталуы бойынша шаралар қабылдауды тапсырылды. 

Сонымен қатар, көлік прокуратурасы органдарының басым міндеттері ретінде кеден саласында сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық схемаларын анықтау, қылмыстық процестің, әсіресе ұрлық пен экономикалық контрабандаға қатысты істер бойынша қадағалау сапасын күшейту белгіленді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 

Бас прокуратурасының  баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу