You are here

Отбасындағы зорлық зомбылықпен күрес жөніндегі конференция өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылғы 8 желтоқсан, Астана. Адам құқықтары  күні қарсаңында және жыл сайынғы өтетін «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясының аясында Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясымен (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі өкілдікпен бірлесіп «Отбасылық зорлық-зомбылық профилактикасы – қауіпсіз қоғамға нақты қадам» атты конференция өткізді. Іс-шараның қосымша ұйымдастырушылары Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» Құрылымы, Тұрғын халық қызметі саласындағы БҰҰ Қоры (ЮНФПА) және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) болды.

Конференция жұмысына Предидент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңесінің өкілдері, Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Іс-шараның модераторы болып төраға орынбасары Елена Тарасенко, сөз алды, ол Мемлекет басшысының әйелдер құқықтарын қорғауға және гендерлік саяатқа ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Конференция барысында отбасы-тұрмыстық профилактикасын күшейту мәселелері, сондай-ақ құқықты қолдану проблемалары, көрсетілген салада заңнаманы жетілдіру перспективалары талқыланды.

Өз сөзінде Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин ведомствоның азаматтар мен қоғамның өзекті проблемаларын қорғау бойынша қолданып отырған шаралары, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске қосу  себептері мен дәлелдері туралы айтып өтті, сондай-ақ  осы Жобаны (бұдан әрі – Жоба) іске асыруға жәрдем берген ұйымдарға алғыс білдірді.

Жобаны іске асыру аралық қорытындысы туралы неғұрлым толығырақ Жоба басшысы – Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі С. Тұрсынбекова тоқталып өтті.

Ол а.ж. маусымынан бастау алған жобаны еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан өңірінде апробациялау нәтижелері туралы айтты.  

Атап айтқанда, ол облыстағы мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы профилактикаға деген тәсілдерін түбегейлі қайта қаралғаны туралы айтып, олардың арыз берушілік практикасынан зорлық-зомбылықты анықтауға бағдарланғаны туралы көрсетті.

Сондай-ақ, осы жерде алғаш рет пилот шеңберінде Отбасы істері жөніндегі басқарма мен Отбасы агрессорларын оңалту жөніндегі орталық құрылғанын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау кешенді алгоритмінің құрылғанын, сондай-ақ «е-Халық» жүйесі базасында тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша Бірыңғай ақпараттық деректер базасы жобасы әзірленгененін атап өтті.

Одан басқа өңірдің 14 ауданы мен Шымкент қаласында Әлеметтік психологиялық сүйемелдеу орталықтары ашылды. Олар ауыл тұрғындарына қолжетімді және тегін қызмет  көрсетеді.  

Жоба командасы  3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырып, 7 мыңнан асатын азаматқа тиісті көмек көрсетті. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлерге оқыту курстары ұйымдастырылды.

Одан әрі, осы тақырыпта Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі өкілеттік Ұлттық орталығының басшысы Серік Оспанов, сыртқы істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, халықаралық сарапшылар және ҮЕҰ өкілдері баяндама жасады. 

Талқылау қорытындысы бойынша алдағы уақытта құқықтық қорғау механизамдерін, профилактикалық шаралардың тиімілігін арттыру және отбасы институтын нығайту қажеттілігі атап өтілді.

Конференция қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 (7172) 71 27 66
8 (7172) 71 28 19

Отбасындағы зорлық зомбылықпен  күрес жөніндегі конференция өтті - 1600710687
Отбасындағы зорлық зомбылықпен  күрес жөніндегі конференция өтті - 2098839079
Отбасындағы зорлық зомбылықпен  күрес жөніндегі конференция өтті - 531737072

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.