Жолаушылар тасымалы саласында қадағалау | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

You are here

Жолаушылар тасымалы саласында қадағалау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана, 26 қаңтар 2018 жылы. Бас прокуратурамен қала ішіндегі жолаушылар автобус тасымалын ұйымдастыру заңдылығына талдау нәтижесімен Премьер – Министрдің атына заңдылықты бұзушылықты, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді. 

 

Елімізде автокөлік саласында бірқатар мәселелердің бар екендігі, оның ішінде құқықтық реттеудің жетіспеушілігі, бағдарламалық құжаттың болмауы және салықтық әкімшілендіруде бірыңғай тәжірибенің қолданылатындығы анықталды. 

 

Бұл кемшіліктердің салдары бүкіл республика бойынша көлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне әсерін тигізуде. 

 

Мысалыға, Өскемен қаласында салық органының пікірінше жолаушы тасымалдаушылар бірлескен қызметті жүзеге асыру кезінде салық салу режимін дұрыс қолданбаған. 

 

Қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Өскемен қаласының прокуроры көлік тасымалдаушыларға қатысты салық ескертулерді жою туралы арызбен жүгінді. 

 

Осы жағдайдың туындауына тағы бір маңызды себеп - қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жергілікті атқарушы органдарымен автопарктердің шығындарының субсидияланбауы. 

 

Бас прокуратураның қадағалау актісінде жолаушылар тасымалының сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тарифтерді қалыптастырудағы ашықтықты қамтамасыз ету, адал бәсекелестік және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында көлік қызметтерін дамыту үшін кешенді шараларды қабылдау ұсынылды. 

 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 

8 (7172) 71 27 66 

8 (7172) 71 28 19 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.