Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы жалпы конкурс өтетінін хабарлайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

 

Санат 

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 

min

max

С-5

104 102

140 746

С-4

138248

186551

I. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефондары: 8 (71651) 68079, 68033 e-mail: 7171116@prokuror.kz)

«Б» корпусының мынадай бос (уақытша бос) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Құқық қорғау органдары академиясы Аппараты Ұйымдастыру-бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты  (мемлекеттік әкімшілік лауазым 31-1-07).

Функционалдық міндеттері: Академияның құрылымдық бөлімшелеріндегі құжат айналымын және іс жүргізуді жүргізу; қызметкерлердің ақпараттық жүйелердегі (БАТЖ «Қадағалау», ЭҚАБЖ) тапсырмалардың орындалуына мониториг жүргізу және олардың уақтылы орындалуы бойынша ұсыныстар енгізу; қызметтік құжаттарды талдау және мониторинг жүргізу; орындалған құжаттарды істер мен қадағалау өндірісіне қалыптастыру және оларды сақтауға мұрағатқа тапсыру; номенклатуралық істерді әзірлеуге қатысу және оның дұрыс қолданылуын бақылау; іс жүргізу саласындағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу және енгізу; құрылымдық бөлімшелердегі қызметтік құжаттардың (кіріс, шығыс) уақтылы орындалуына бақылауды, өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

2. Құқық қорғау органдары академиясы Аппараты Ұйымдастыру-бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты  (мемлекеттік әкімшілік лауазым 31-1-06).

Функционалдық міндеттері: Басылымдарды, сұхбаттарды, ресми өтініштерді, хабарламаларды, баспасөз-релиздерін және БАҚ-дағы Академия қызметі туралы басқа да ақпараттық материалдарды өңдеу және тарату; Академия басшылығының баспасөз-конференцияларын, брифингтарын, сұхбаттарын және түсініктемелерін өткізуді ұйымдастыруға қатысу; Академияның интернет-сайтының уақтылы және сапалы ақпараттық толтыруларына бақылауды жүзеге асыру; Академия қызметіне арналған теле, радио бағдарламалар және бағдарламалар мен басқа да материалдардың ұйымдастырылуында БАҚ-пен өзара іс әрекет ету; жетекші республикалық және аумақтық кезеңдік баспасөз басылымдарымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттердің, интернет-басылымдарының басшыларымен өзара іс-әрекет ету; Академия қызметін тарату жөніндегі қажетті ақпараттарды алуда БАҚ-тың өкілдерімен өзара іс-әрекет ету; БАҚ-тың сұрауларына Академия жұмысы туралы жауап дайындау; Академия қызметі туралы БАҚ мониторинг жүргізу; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

3. Кәсіби деңгейді арттыру институты Прокурорлық қызмет және тілдерді дамыту кафедрасының бас сарапшысы, С-4 санаты (31-2-01).

Функционалдық міндеттері: Академияның бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүзеуге асыруды қамтамасыз етеді; Академияның құрылымдық бөлімшелерінің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының құжаттарды мемлекеттік тілде орындау бөлігіндегі талаптарының орындалуын бақылайды; мемлекеттік тілдің дамыту және қолдану мәселелері бойынша ағымдық және перспективалық жоспарлар әзірлеу; олардың орындауын қамтамасыз ету, әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттік тіл және аударманы дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру;   Академияда мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру; талдауды жүзеге асыру; мемлекеттік тіл мәселелері бойынша жұмыстарды қорыту; мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттарын бақылау; іс жүргізуде мемлекеттік тілді енгізу, мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, жұмысшыларға мемлекеттік тілде құжаттар әзірлеу бөлігінде консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қазақ тілі және әдебиеті, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

4. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым 31-4-04).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есептің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, қаржыландыру жоспарының орындалғаны туралы тоқсандық және жылдық есептер береді; құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылықтарына алдын ала бақылауды жүзеге асырады; ашық лимиттерге және олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес қаражаттардың және материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды; тауарлы-материалдық запастардың, активтердің құжаттарын есепке алу бойынша бақылауды жасайды; ақшалай қаражаттардың және басқа тауарлы-материалдық құндылықтардың қозғалыстарына байланысты операцияларды үйлестіреді; бухгалтерлік есептің уақтылы берілуіне бақылау жасайды; синтетикалық және аналитикалық есеп бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, айналым ведомстарының әрбір аналитикалық есебі және «Бас журнал» қосалқы шот кітабындағы айналымдар жиынтығы мен қалдықтары бойынша айналымдар мен қалдықтардың жиынтығын салыстыра тексереді; есеп айырысу шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуды жүргізеді; ақылы қызметтердің уақтылы есептелуіне бақылау жасайды; ақшалай қаражаттың уақытша таралуына және шетел валютасындағы шоттарға бақылау жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

5. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (31-4-08).

Функционалдық міндеттері: Бағдарламалар бойынша міндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар паспорттарын әзірлейді және бекітеді; бюджеттен қаржыландыру бөлігіндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; бекітілген паспорттарға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жасайды және бекітілген паспорттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес штаттық және штаттан тыс жұмыскерлерге еңбекақы төлеуін жоспарлау мәселелері бойынша есептеулер дайындайды; айларға бөле отырып, бағдарламалар және ерекшеліктер бөлігіндегі міндеттемелер бойынша жеке жоспарларын қалыптастырады; төлемдер және қаржыландырудың жеке жоспарын түзету жөніндегі ұсыныстар жиынтығын жүзеге асырады; қажеттілікке сәйкес, бағдарламалар шегінде өтетін міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарлардың қайта есептеулерін жүзеге асырады; міндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттік қаражатты игеру бойынша экономикалық талдау өткізеді; бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдағы үш жылда Академияның ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша Бюджеттік өтінім жобасын қалыптастырады; почта шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалануының талдауын жасайды; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа   

 

6. Құқық қорғау органдары академиясы Қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (31-4-10).

Функционалдық міндеттері: Ғимараттар мен үй-жайлардың өндірістік санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді; техникалық қызметтер жұмысын бақылайды; Академияның іс жүргізу қызметі үшін барлық қажетті материалдық ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады; жабдықтаулардың (жарықтандыру, жылу жүйесі, желдеткіш және т.б.) жарамдылығына бақылау жасайды, қызметтік іссапарға келген делегацияларды және адамдарды қабылдауын, тіркеуін және тиісті қызмет көрсетуін ұйымдастырады; абаттандыру, көгалдандыру, ғимарат аумағын тазалау, бақылау-рұқсат беру бекеттерінің фасадтарын мерекелік көркем ресімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; өткізілетін конференциялардың, семинарлардың және басқа іс-шаралардың шаруашылық қызмет көрсетілуін ұйымдастырады; қысқы-күзгі мерзімдерге дайындықты жүргізеді; әкімшілік ғимараттағы күзету және рұқсат беру режимін сақтау жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және өткізілуін бақылайды, автокөліктердің үздіксіз жұмыс істеулерін қамтамасыз етеді; академияны материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылайды; жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатты және жерге мемлекеттік актінің ресімделуіне бақылау жасайды; кезекті басылымдарға Академияда жазылу компанияларының уақтылы болуларын бақылайды, жиһазбен, шаруашылық мүліктерімен, механикалық инженерлі және басқару еңбек құралдарымен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және іске асырады; олардың сақталуына және уақтылы жөндеуін өткізуіне бақылауды жүзеге асырады; өз құзіреттілігі шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және қаржы), құқықтану, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)      бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)      құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)      конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

___________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға

жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу 

және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым,

олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________

______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

     

«____»_______________ 20__ ж.