«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» ММ прокуратура органдары жүйесі мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» ММ (010000, Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік Ел көшесі, 14, №523, телефоны 8(7172) 71-26-98, электронды мекенжайы: 7172698@prokuror.kz) прокуратура органдары жүйесі мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақпараттық қауіпсіздік басқарманың бас сарапшысы (С- 4 санаты)».

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 214 тг.

186 526 тг.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар). Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы курстардан өту туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «қалыптасқан Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу. Мынадай құзыреттердің болуы: бастамашылық, коммуникативтілік, талдамашылық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.       

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық қауіпсіздіктің, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі заманғы технологиялар нарығының талаптарына құрылатын жүйелердің сәйкестігін талдау, ақпараттық ресурстар қауіпсіздігін мониторингілеу. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы мәселелердің шешілуін ұйымдастыру, өз құзыреті шегінде ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын үйлестіру жөнінде түсіндірмелер беру және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету.

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына қойылатын жалпы біліктілік талаптары ("Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы                 № 85 бұйрығының 14-тармағына сәйкес):

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

 3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  7) ғылыми дәрежесінің болуы.  

 Ішкі конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

 1) нысандағы өтініш (қоса беріледі); 

 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

 Құжаттарды толық емес не анық емес мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Бас прокуратураның Кадрлық даму департаментіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе    «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электронды пошта мекенжайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды ұсынған жағдайда, олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

 Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар, олардың өзге де кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – үш жұмыс күн, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде және құжаттарды өткізу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесу өткізу күні туралы  хабардар етеді. Хабарландыру телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына  ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап  үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының                2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

Мені__________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.