Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы 17.03.2020 жылға дейін уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға (негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде) орналасуға прокуратура органдар ішінде ішікі конкурсты жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31, 8 қабат, 809 кабинет, анықтама үшін телефондар: 71-21-12, 71-21-37, 7172495@prokuror.kz 17.03.2020 жылға дейін уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға (негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде) орналасуға прокуратура органдар ішінде ішікі конкурсты жариялайды:

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы Аппаратының бас маманы (С-О-5 санаты) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Барлық кіріс және шығыс хат-хабарды қабылдау, есепке алу, жүйелеу, бастапқы өңдеу, сұрыптау және белгіленуі бойынша жіберу, электронды деректер базасына белгіленген нысанда тіркеу-бақылау карточкаларының тиісті бөлімдерін қалыптастыру және толтыру, олардың сақталуын және мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), «Гуманитарлық ғылымдар» (Тарих, Дінтану, Аударма ісі), «Білім» (Құқық және экономика негіздері, Орыс тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті), «Техникалық ғылымдар жəне технологиялар» (Ақпараттық жүйелер, Пайдалы қазбаларды байыту) бейіндері бойынша.

Заңнаманы білу: Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құзыреттілігі: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ғимаратында, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31 өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

Қажетті құжаттар тізбесі- өтініш және тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттардың ұақытында берелмеген немесе толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалақысы 108 306  тенгеден 146 177 тенгеге дейін.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны.

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

      Мені_____________________________________________________________________________________________________

 

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________________

_______________________________________________________

 

______________                    __________________________________________

 (қолы)                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 "___"_______________ 20 __ ж.