2016 жылдың ішкі аудит қорытындысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ішкі аудит басқармасы мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес алты прокуратура органында сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудит барысында практикалық көмек көрсетілді және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, бюджет және өзге де заңнама нормаларын сақтау, бизнес-процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Аудиторлық есеп нәтижесі бойынша аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою туралы бұйрықтар жолданды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын аудит объектілері аппараттық кеңестерде қарады, кінәлі қызметкерлерге алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау қажеттігі қатаң ескертілді.

Бас прокуратураның Ішкі аудит басқармасы