"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 ж

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қарым-қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және

қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 жылғы 7
қазандағы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы азатжол келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі –прокурордың (соттың) санкциясын керек етпейтін қылмыстық істер және  оралымды-іздестіру іс-шаралары, миграциялық және ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша процессуалды іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнінде;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнаулы мемлекеттік мұрағатына шығатын  мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ прокурордың (соттың) санкциясын керек етпейтін қылмыстық істер және  оралымды-іздестіру іс-шаралары бойынша процессуалды іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнінде;

Қазақстан Республикасы министрлігі – оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттар жөнінде;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі – соларға қатысты олардың дәрменсіздігі туралы конкурстық іс қозғалған заңды тұлғалардың берешегін төлеуге байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың қолдаухаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың  резиденттігін растайтын құжаттар немесе осы құжаттардың нотариалды куәлендірілген көшірмелері, сондай-ақ прокурордың (соттың) санкциясын керек етпейтін қылмыстық істер және  оралымды-іздестіру іс-шаралары бойынша процессуалды іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнінде;

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келісім бойынша) – сондай-ақ прокурордың (соттың) санкциясын керек ететін қылмыстық істер және  оралымды-іздестіру іс-шаралары бойынша процессуалды іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер,  қылмыстық істер жөніндегі үкімдердің (шешімдерді) тану және орындау туралы қолдаухаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) - ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша,  сондай-ақ прокурордың (соттың) санкциясын керек етпейтін қылмыстық істер және  оралымды-іздестіру іс-шаралары бойынша процессуалды іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнінде;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы  (жемқорлыққа қарсы қызмет) - прокурордың (соттың) санкциясын керек етпейтін қылмыстық істер және  оралымды-іздестіру іс-шаралары бойынша процессуалды іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылатын құжаттар  жөнінде;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты (келісім бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шетел мемлекеттері соттарының  тапсырмалары, отбасылық және қылмыстық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар жөнінде.»;

келесі мазмұндағы он екінші азатжолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – білім және ғылыми қызмет аясындағы құжаттар бойынша.».

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы жасасқан жоғарыда көрсетілген конвенциялардың депозитарийлерін осы қаулымен енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялануынан соң он күнтізбелі өткен бойда қолданысқа енгізілсін.

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

 

 

"Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-
қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 жылғы 7
қазандағы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

 

Түсініктеме жазба.

 

р/р

Түсініктеме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік орган-әзірлеушінің ақпараты

1.

Мемлекеттік орган-жоба әзір-леушісі

 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

2.

 

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге сілтемемен жобаны қабылдаудың негіздемелері, Қазақстан Республикасы бекіт-кен халықаралық шарттар, нормалары, сондай-ақ қатысу-шысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет басшылығы мен Кеңсесінің хаттамалық және өзге де тапсрмалары және/немесе оны қабылдау қажетігінің басқа да негіздемелері

     Жоба мына мақсаттарда әзірленген:

- орталық құқық қорғау және арнайы органдарға шетелдік мемлекеттің құзыретті мекемелерімен халықаралық тергеу тапсырмалары бойын-ша қатынасты тікелей жүзеге асыруға уәкілеттіктерін бөліп беру;

 - халықаралық тергеу тапсырмаларының орыналу мерзімдерін айтарлықтай қысқарту;

- қылмыстық істер бойынша соттқа дейін іс жүргізудің аяқталу процесін тездету.

 

 

3.

Жоба бойынша қаржы шығынадарының қажеттігі және оның  қаржылық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қажет жағдайда Республикалық бюджеттік  комиссияның шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджеттік  комиссияның шешім көшірмесі міндетті тәртіпте түсініктеме жазбаға қоса тіркеледі)

 

Бұл жоба қосымша қаржы қаражатын бөлуді керек етпейді.

4.

Жоба қабылданған жағдайда жорамал әлеуметтік-экономи-калық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаның  қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларды ілестірмейді.

 

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелер мерзімдері

     Орталық құқық қорғау және арнайы органдарға шетелдік мемлекеттің құзыретті мекемелерімен халықаралық тергеу тапсырмалары бойынша қатынасты тікелей жүзеге асыруға уәкілеттіктерін бөліп беру. Күтілетін нәтижелер мерзімдері – актіні қабылдаған соң.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері мәліметтер және оларды іске асыру нәтижелері туралы

- "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1453  қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №743  қаулысы ;

- "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі №302 қаулысы;

- "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы Конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №1295 қаулысы.

 

7.

Заңнаманы оны қабылдаған жағдайда енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу керектігі көрсетілсін) немесе мұндай қажеттіктің болмауы

 

Керек етілмейді.

8.

Реттемелі ықпал ету (бар кезде) талдамасын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Керек етілмейді.

9.

Жобаның Қазақстан Республи-касы бекіткен халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі  

Қарама-қайшы келмейді.

10.

Қосымша сараптаманың (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) оны Премьер-Министрдің тапсыр-масы бойынша басқа ұйымдарда жүргізу жағдайындағы нәтиже-лері

Керек етілмейді.

11.*

Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты мазмұндайтын жобалардан басқа жобалар мен соларға материалдарды Үкімет мүше-лерінің ұтқыр құрылғыларына Қазақстан Республикасы Пре-мьер-Министрінің Кеңсе басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің  2011 жылғы 20 мамырдағы №25-1-32 қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығы-мен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұтқыр кеңсесі» ақпараттық жүйесінде жеткізуге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес, «Қазақстан Республи-касы Үкіметінің ұтқыр кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы  жеткізу мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

12.**

Жобаның мемлекеттік органның  интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық  актілердің интернет-порталында орналасуы туралы ақпарат (датасы, байттар саны)

 

Орналасқан .

13.**

Тауарларды, қызмет көрсету-лерді немесе зияткерлік меншік құқықтарын саудалауға қатысты жобаны орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурс-тарында, сондай-ақ әлеуметтік мәнге ие қаулы жобасының баспасөз хабарламасында орналастырылады

 

Керек етілмейді.

14.***

Халықаралық шартты бекіту қажеттігі туралы ақпарат

Керек етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас  Прокуроры                                                                                                         

    Қ. Қожамжаров

«___» ___________ 2018 жыл

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық
 істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық,  отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар
туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 қазандағы № 1453 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

 

 

Құрылымдық  элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіз

1

2

3

4

5

 

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық,  отбасылық және
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру
жөніндегі шаралар туралы» № 1453 қаулысы.

 

1

3-абзац

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi - прокурордың санкциясы талап етiлмейтiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты құжаттар, көшi-қон және iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша;

 
 

 

 

«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi - прокурордың (соттың) санкциясы талап етiлмейтiн қылмыстық істер және жедел-iздестiру іс-шаралары бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер, көшi-қон және iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша;

 
 

 

 

 

 

Осы редакция орталық құқық қорғау немесе арнайы органдарға тікелей құзыретті мекемелермен халықаралық тергеу тапсырмалары (ХТТ) бойынша қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Осы редакция Қазақстан Республикасының ҚІАК қайшы келмейді.  ҚР ҚІАК 559-бабына тиісті өзгерістер енгізілді.

Ұсынылатындар ХТТ орындау мерзімдерін едәуір қысқартады.

 

 

2

4-абзац

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң арнайы мемлекеттiк мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша;
 

 

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң арнайы мемлекеттiк архивінен шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ прокурордың (соттың) санкциясы талап етiлмейтiн қылмыстық істер және жедел-iздестiру іс-шаралары бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

 

 

 

Ұқсас

3

5-абзац

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - өзінің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - өзінің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы Жарлығына сәйкес

 

4

6-абзац

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - дәрменсіздігі туралы конкурстық іс қозғалған заңды тұлғалардың берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осындай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері бойынша;

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - дәрменсіздігі туралы конкурстық іс қозғалған заңды тұлғалардың берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтініштері, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осындай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ прокурордың (соттың) санкциясы талап етiлмейтiн қылмыстық істер және жедел-iздестiру іс-шаралары бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

 

 

 

Ұқсас

5

8-абзац

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша) қылмыстық iстер бойынша iс жүргізу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер, прокурордың санкциясы талап етiлетiн жедел-iздестiру iс-шаралары және прокуратура органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша) прокурордың (соттың) санкциясы талап етiлетiн қылмыстық iстер және жедел-iздестiру iс-шаралары бойынша iс жүргізу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер, қылмыстық істер жөніндегі соттардың үкімдерін (шешімдерін) тану және орындау туралы қолдаухаттары, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;

 
 

 

 

 

Ұқсас

6

9-абзац

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) - iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын құжаттар бойынша;

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) - ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын құжаттар, соның ішінде прокурордың (соттың) санкциясы талап етiлмейтiн қылмыстық істер және жедел-iздестiру іс-шаралары бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

 

 

 

Ұқсас

7

10-абзац

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, өзінің құзыретіне жататын құжаттар бойынша;
 

 

                                                                         

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбыйлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) –

прокурордың (соттың) санкциясы талап етiлмейтiн қылмыстық істер және жедел-iздестiру іс-шаралары бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер, сондай-ақ өзінің құзыретіне жататын құжаттар бойынша;

 

Ұқсас

8

11-абзац

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) – соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке және заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)  (келісім бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер жөніндегі соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар бойынша.

 

 

 

Ұқсас

9

12-абзац

Жоқ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – білім және ғылыми қызмет саласындағы құжаттар бойынша.».

 

Қазіргі уақытта білім беру туралы құжаттармен алмасу және оларды қайта жолдау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арқылы жүзеге асырылады,  ал осы функция Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құзыретіне кіреді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                                                                                                                                                                        

    Қ. Қожамжаров

 

 

1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»( Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

 

 

Алған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар

Кіммен жеке келісілді

(аты-жөні)

Келісу нәтижесі

(қолтаңбасы, күні)

Қайтарған күні

 

1

2

3

4

5

1.      

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

 

 

 

 

2.      

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

 

 

 

3.      

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

 

 

 

 

4.      

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

 

 

 

5.      

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

 

6.      

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

 

 

 

7.      

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және залықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

 

 

8.      

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

9.      

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

10.    

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі