

Бұқаралық ақпарат құралдары прокуратураның қызметі жөнінде ақпарат, фото-, бейнежазбаларды алу үшін Қазақстан Републикасының Бас Прокуроры атына өз ұйымының бланкісіне басылған ресми сауалды алдын ала жіберу арқылы алады.
Сауалда келесі ақпарат қамтылуы шарт:
-қажетті сұрақтар тізімі;
-БАҚ жауапты қызметкердің аты-жөні;
-кері мекен-жай, электрондық пошта, телефон номерлері және т.б.
Ресми сауалдарды төменде көрсетілген жолдардың бірі арқылы жіберуге болады:
Пошта немесе қолма-қол беру арқылы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ, 14;
Факс арқылы: 8 (7172) 30-18-65 (сауал жолдағаннан кейін оның түпнұсқасын міндетті түрде пошта (қолма-қол) немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген электрондық құжат түрінде қайта жолдау қажет);
Астана, Алматы және облыс орталықтарында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;
Электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда EGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.